Алматы облысының туристік әлеуетін арттыру бағытында маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі жүзеге асырылып жатыр. Өңірдегі ең көрікті табиғи нысандардың бірі – Қайыңды көліне апаратын аудандық маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жобаға жергілікті бюджеттен 2,43 миллиард теңге бөлінген, деп хабарлайды alataunews.kz.Источник: alataunews.kz.